Биыл есірткі қылмысына қатысы бар 76 шетелдік ұсталды

Биыл есірткі қылмысына қатысы бар 76 шетелдік ұсталды
Коллаж: ІІМ

Биыл төрт айда есірткі қылмыстары үшін 76 шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Олардың 23-і есірткі сатқаны үшін, үшеуі аса ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін және 29-ы контрабанда үшін ұсталды. Сондай-ақ шетелдіктердің қатысуымен есірткіні өсіру, жарнамалау және насихаттаудың жекелеген фактілері анықталды. 

Министрліктің мәліметінге, шетелдік Қарағанды қаласында синтетикалық есірткі өндіруді қашықтан ұйымдастырған. Оған іздеу жарияланып, шет мемлекеттің бірінде жүрген жерінен ұсталды.

Ал Астанада жалдамалы пәтерде тұрған Еуропа елінің бірінің 32 жастағы азаматы ұсталды. Оған есірткі жасырумен айналты деген айып тағылды.  Одан 1,5 келі синтетикалық және каннабис түріндегі есірткі тәркіленді.

Алматы қаласында Шығыс Еуропа елдерінің бірінің 44 жастағы азаматы ұсталып, одан 1,2 келі «A-PVP» синтетикалық есірткісі тәркіленді.

Ақтау қаласында көрші мемлекеттің бірінің 21 жастағы азаматы ұсталды. Күдікті есірткіні жасыру әдісімен таратқан. Одан 30 грамм «мефедрон» тәркіленді.

«Осылайша есірткі тарату арналарына тосқауыл қойылды. Есірткі қылмысы трансұлттық сипатқа ие. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс шетелдік әріптестермен бірлесе жүргізіледі.

Ішкі істер министрлігі ел аумағы арқылы есірткі өндірісі мен транзитін ұйымдастырудың кез келген дерегі заң аясында қатаң түрде тоқтатылатын ескертеді», - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Еске салсақ, Бангкоктен заңсыз жеткізілген 11 келі гашиш майы тәркіленді.