09.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Бетон плита құлаған: Астанадағы құрылыс нысанында жасөспірім қаза болды

|
Photo: Фото: polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Бетон плита құлаған: Астанадағы құрылыс нысанында жасөспірім қаза болды

|
Photo: Фото: polisia.kz

Астанадағы құрылыс нысанында кәмелетке толмаған жасөспірімнің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Elordainfo.kz елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жедел тергеу тобы оқиға орнын тексеріп, заттай дәлелдемелерді тәркіледі. Алдын ала деректерге сәйкес, 17 жастағы жасөспірім құрылыс нысанында жұмысшы болып істеген. 2025 жылдың 24 қыркүйегінде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде оның үстіне бетон плита құлаған», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта куәгерлер мен оқиғаны көргендерден жауап алынып, құжаттар тексеріліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін «Ақтөбе» футбол клубының 15 жастағы ойыншысы қаза тапқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗