БАӘ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
13 қаңтар, 2025
Фото: akorda.kz
Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитіне қатысуға келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ екі елдің ынтымақтастығын жоғары бағалап, Қазақстанмен арадағы саяси диалог пен экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтудің және бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асырудың маңызына тоқталды.
БАӘ Президенті Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы байланыс 2025 жылы өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтеріліп, екі елдің дамуы мен өркендеуіне ықпал ететініне сенім білдірді. Ол халықаралық және аймақтық қауіпсіздік пен орнықты дамудағы өзекті мәселелерді шешуде Астананың үлесі зор деп санайды.
Ұқсас жаңалықтар
19 желтоқсан, 2025
ҚР СІМ мен БҰҰ университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды
19 желтоқсан, 2025
Президент: БҰҰ университеті ЖИ саласындағы халықаралық зерттеулерді ілгерілетуде бірегей мүмкіндікке ие
19 желтоқсан, 2025
Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келеді – Тоқаев
19 желтоқсан, 2025
Тоқаев орта державаларды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне кеңінен қатыстыруға шақырды