Астанада халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселесі талқыланды

Бүгін, 12:25
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселесі талқыланды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараны Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінің конференц-залында ұйымдастырды.

Талқылауға қоғам және саяси қайраткерлер, сарапшылар, үкіметтік емес сектор өкілдері, қаладағы жоғары оқу орындары мен колледждердің білім алушылары қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, дөңгелек үстел құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған оқыту бағдарламасының басталуына негіз болды.

Бағдарлама азаматтарға заңдар мен өз құқықтары туралы түсінік беріп қана қоймай, оларды күнделікті өмірде іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.

Кездесу аясында Президенттің Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы талқыланды. Сонымен қатар құқықтық дамудың басым бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық негіздері, құқықтық сана қалыптастырудағы азаматтық қоғамның рөлі, халықтың құқықтық сауаттылығына қатысты өзекті мәселелер, «Заң мен тәртіп» қағидатын дамыту және нығайту жолдары қарастырылды.

Еске сала кетейік, Астанада Президент Жолдауының негізгі бастамалары түсіндірілді.