15.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды

|
Photo: Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды

|
Photo: Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Сингапурда өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы кезекті алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Матадан және доппен топтық жаттығулардың финалында үздік нәтиже көрсеткен қазақстандық гимнастшылар құрлықтық біріншілікте бірінші орынды иеленді.

Қазақстан құрамасы спортшылары 26,65 ұпай жинап алтын жүлде еншіледі. Бұл бәсекеде кұміс медальды Өзбекстан құрамасы (25,15) еншілесе, ал үшінші орын — Оңтүстік Кореяға (24,25) бұйырды.

Сондай-ақ, біздің команда бес лентамен орындалған жаттығуларда екінші орынды иеленді. Бұған дейін спортшылар топтық жаттығуларда көпсайыста жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, Азия чемпионатында Айбота Ертайқызы лентамен орындалатын жаттығуда алтын, ал көпсайыста қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ Айым Мейіржанова булавалармен жаттығуда үздік үштікке кіріп, үшінші орынды иеленді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗