Автомектептер рұқсат беру моделі бойынша жұмыс істейді

Автомектептер рұқсат беру моделі бойынша жұмыс істейді
Фото: instagram/gov4c.kz

Мәжіліс жол қауіпсіздігін цифрландыру және жүргізушілерді даярлау саласындағы кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша депутаттық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақұлданған заң жобасы бойынша, жүргізушілерді даярлаумен айналысатын кәсіби бірлестіктер мен оқу ұйымдарының қызметіне мемлекеттік бақылау енгізіледі.

«Автомектептерді реттеудің жаңа моделі ұсынылып отыр. Енді олардың қызметі арнайы тізілім арқылы рұқсат беру режиміне көшіріледі. Бұл нарыққа кіру кезіндегі бақылауды күшейтуге, материалдық-техникалық базаның ашықтығын, оқытушылар құрамының тексерілуін және ақпараттық жүйелер арқылы оқу процесінің қадағалануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», делінген хабарламада.

Сондай-ақ көлік жүргізушілерін даярлау саласын дамыту мәселелерінде кәсіби бірлестіктердің рөлі мен мәртебесі арта түспек.