«Аудандағы үш ауысым мәселесі шешілді» - елордадағы №114 мектеп директоры
Астанадағы №114 жалпы білім беретін «Келешек мектебі» директоры Ұлбала Тойлыбаева бұл білім ордасының ашылуы осы аудандағы 2 үш ауысымды мектеп мәселесінің шешілуіне себеп болғанын айтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Қазіргі таңда мектебімізде 2326 оқушы бар. Біз осы жердегі 2 бала саны нормадан асып кеткен білім беру беру мекемесінің, яғни №37 мен №32 мектептердің үш ауысым мәселесін шештік. Екі мектептен 1400 бала ауысып келді. Қазір біз бір ауысымнан асып, 300-ден астам бала екінші ауысымда оқып жатыр. Мектебіміз осы жаңа оқу жылында ғана ашылды. Соған қарамастан, біздің шәкірттеріміз қалалық, облыстық, республикалық байқаулардан жүлделі орындарды иеленіп жатыр», - деді ол.

Директордың сөзінше, «Келешек мектептері» тек әдемі, кең ғимараттар ғана емес.
«Бұл жерде баланың білімі, тәрбиесі қалыптасып жатыр. Сондықтан білім алуға барлық материалдық жағдай жасалғанымен қатар, құндылық жағынан да ерекше назар аударамыз», - деді ол.

Директор мектептегі қауіпсіздікке тоқталды.
«Мектепте қауіпсіз орта қалыптасқан. Ол Face ID жүйесі арқылы балалардың кіріп-шығуымен жасалып отыр. Одан бөлек инклюзивті білім беру нормасына сәйкес, ерекше қажеттілігі бар балалар лифтпен жүруіне болады. Сондай-ақ балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған қосымша білім беру қарастырылған. Спорт үйірмелері, тігін, STEM үйірмелері бар», - деді директор.

