Ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда дизель отынмен жүретін және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ақмола облысы:
- «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1291-1353 шақырым аралығы (Жібек Жолы төлем ақы алу пункті-Қарағанды облысының шекарасы);
- «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» автожолының 35-51 шақырым аралығы (Қабанбай батыр ауылы-Қарағанды облысының шекарасы).
Қарағанды облысы:
- «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1505-1854 шақырым аралығы (Атамекен ауылы-Балқаш қаласы);
- «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» автожолының 17-217 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы-Қарқаралы қаласы);
- «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» автожолының 231-324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы-Ботақара ауылы);
- «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 970-1135 шақырым аралығы (Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін);
- «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1353-1426 шақырым аралығы ( Ақмола облысының шекарасы-Теміртау ақы алу пункті);
- «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 788-906 шақырым аралығы (Ұлытау облысының шекарасы-Топар ауылы).
-«Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» км. 51-266 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы-Теміртау қаласы).
Ұлытау облысы:
- «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 433-788 шақырым аралығы (Жезқазған қаласы-Қарағанды облысының шекарасы).
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мәліметінше, 24 қаңтар сағат 08:00-де жолдарды қайтадан ашу жоспарланып отыр.