Референдум-2026

Астаналық оқушы шахматтан әлем чемпионатының жүлдегері атанды

31 шілде, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астаналық оқушы шахматтан әлем чемпионатының жүлдегері атанды
Фото: Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Астана қаласының спортшысы Қуанышұлы Нұрғиса Болгарияда өткен шахматтан әлем чемпионатында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап. 

«20-31 шілде аралығында Болгарияның София қаласында көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында шахматтан 4th IBSA World Individual Chess Championship әлем чемпионаты өтті.

Дүбірлі додаға 8 мемлекеттен 30-ға жуық спортшы қатысып, әлемнің үздіктері өзара бақ сынады.

Аталған әлем чемпионатында Астана қаласының спортшысы Қуанышұлы Нұрғиса жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысының атынан Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табысталғаны туралы жаздық.