Астаналық боксшы алғаш рет Азия чемпионы атанды

14 мамыр, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық боксшы алғаш рет Азия чемпионы атанды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астаналық спортшы Нұрислам Бақтыбаев Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында U15 санатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде астаналық боксшы финалда өзбекстандық Бобурмирзо Муродовпен кездесті.

Нұрислам сенімді әрі шебер жұдырықтасып, қарсыласын 5:0 есебімен айқын жеңді.

Осылайша Нұрислам Бақтыбаев Азия чемпионы атанып, Қазақстан құрамасының қоржынына құрлық біріншілігінің кезекті алтын медалін салды.

Еске сала кетейік, бокстан Олимпиадалық салмақ дәрежелері белгілі болды.