Астанадағы Сарыбұлақ табиғи стильде абаттандырылады – ВИДЕО

Бүгін, 20:32
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанадағы Сарыбұлақ табиғи стильде абаттандырылады – ВИДЕО
Фото: Астана қаласының Урбанистика орталығы

Астанадағы Сарыбұлақ арнасын Қарасай батыр көшесінен Тілендиев даңғылына дейін табиғи стильде абаттандыру тұжырымдамасы ұсынылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Урбанистика орталығына сілтеме жасап.

«Жоба аясында Сарыбұлақ арнасын тазалау және табиғи ағысын қалпына келтіру, табиғи ландшафтқа үйлесімді тас жағалаулар салу және қауіпсіз әрі ыңғайлы өтпелі тас көпірлерін жасау жоспарланған. Кеңістікті ағаштар, бұталар және су өсімдіктерімен көгалдандыру арқылы биологиялық алуантүрлілікті сақтау және серуендеуге қолайлы орта құру көзделген», - делінген Урбанистика орталығының хабарламасында. 

Жобаның басты мақсаты – тұрғындар үшін экологиялық таза, көрікті әрі ыңғайлы демалыс орнын жасау.