Астанадағы Орталық касса 1, 2 және 3 мамыр күндері жұмыс істемейді. Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Құрметті келушілер!
Алдағы мереке күндері, 1, 2 және 3 мамырда Орталық касса жұмыс істемейді.
Дүйсенбі, 4 мамыр – жұмыс күні.
Орталық кассаға баруды жоспарлаған кезде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз», - делінген хабарламада.
Орталық кассаның жұмыс кестесі: сағат 09:00 ден 18:00 ге дейін (соңғы талон сағат 17:45-ке беріледі). Үзіліссіз.
Мекенжайы: Р.Қошқарбаев даңғылы, 50/1.
Еске сала кетейік, Астанада үш автобустың жүру бағыты өзгерді.