Референдум-2026

Астанадағы ерекше мурал жаңа туристік фотоаймаққа айналды

Бүгін, 13:31
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанадағы ерекше мурал жаңа туристік фотоаймаққа айналды
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астананың Байқоңыр ауданындағы Ғабдуллин көшесі, 17/1 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің маңында жаңа әрі ерекше мурал салынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Жаңа арт-нысан ауланы және оған іргелес жаяу жүргіншілер аймағын жандандырып, тұрғындар үшін тартымды әрі көрікті кеңістікке айналдырды.

«Бұрын бос тұрған қабырға енді жайлы кейіпте жатқан жасыл көзді мысықтың әсерлі бейнесімен безендірілді. Ол қалалық кеңістікпен үйлесімді үндесіп, аумақтың сәнін келтіріп, тұрғындар мен қонақтарға арналған жаңа фотоаймаққа айналды», - делінген әкімдік хабарламасында.

Жергілікті тұрғындар қабырғадағы ерекше туындыны жылы қабылдап, жасыл көзді мысық бейнеленген муралдың суреттерін әлеуметтік желіде жариялай бастады.

Еске салсақ, Астанадағы ғимараттың қасбетіне гүлмен көмкерілген қыз баланың бейнесі салынған болатын.