Астанада полиция жүк көлігі жүргізушілеріне түсіндіру жұмысын жүргізді

5 маусым, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада полиция жүк көлігі жүргізушілеріне түсіндіру жұмысын жүргізді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласы полиция департаменті жүк көліктерінің жүргізушілері арасында кең ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ақпаратқа сәйкес, профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жүк тасымалдаумен айналысатын жүргізушілер және көлік кәсіпорындарының өкілдерімен кездесу өткізіп, жол ережесін сақтау, көліктің техникалық жай-күйін бақылау, сондай-ақ жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр. 

«Жүргізушілерге жолға шығар алдында көліктің техникалық жарамдылығын тексеру, тежегіш жүйесінің, жарық беру құрылғысының, дөңгелектердің жағдайына назар аудару, сондай-ақ тасымалданатын жүктің дұрыс орналастырылып, сенімді бекітілуін қамтамасыз ету қажеттігі түсіндірілді. Ауыр салмақты және ірі габаритті жүктерді тасымалдау кезінде белгіленген талаптарды сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр», делінген хабарламада.

Еске салсақ, елордалық полицейлер ата-аналарға баласына жол ережесін үйретуге және велосипедпен жүргенде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.