Астанада төрт бағдардағы автобустың бағыты уақытша өзгерді, деп хабарлайды Elordainfo.kz City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.
«№№ 4А, 49, 69, 81 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, жол жөндеуге байланысты уақытша қозғалыс бағыты өзгертілген №№ 14, 21, 29, 29А, 32, 43 65, 82, 507 бағдарлардың қозғалыс сызбасы қалпына келтірілді.



