13.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада Тұран даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада Тұран даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада Тұран даңғылының Сығанақ көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің үстіңгі қабатын салу жұмысы жалғасады, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Осыған байланысты, 7-12 шілде аралығында осы учаскедегі қозғалыс ішінара кезең-кезеңмен жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бірінші әуежайдан қалаға қарай, кейін қаладан әуежайға қарай бір бағытта ғана ұйымдастырылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗