Референдум-2026

Астанада Сарыбұлақ өзенінің жағалауы тазартылды

Астанада Сарыбұлақ өзенінің жағалауы тазартылды
Фото: Әмір Теміржан

Астанада Сарыбұлақ өзенінің жағалауын тазалау және абаттандыруға бағытталған «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері мен қала тұрғындары қатысты. Қатысушылар бірлесіп жағалау аумағын тұрмыстық қалдықтан, пластиктен және басқа да қоқыстан тазартты.

«Таза жағалау» экологиялық акциясы – аумақты тазалау ғана емес, тұрғындарды қаламызды таза әрі жайлы ету жолындағы ортақ мақсатқа жұмылдыратын бастама. Осындай игі шараларға еріктілер мен жастардың жылдан-жылға көбірек қатысып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарай бастағаны бізді қуантады», – деді жастар ресурстық орталығының жастармен тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Сұлтан Өмірғалиев.

Акция соңында марапаттау рәсімі өтті. Елорданы абаттандыруға қосқан үлесі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін барлық қатысушыға Құрмет грамоталары табысталды.

Еске сала кетсек, Астанаға бес мемлекеттің жас геологтары жиналды.