Астанада С.Сейфуллин көшесі жартылай жабылады
19 қыркүйек, 2024
Фото: Бақтыгүл Бурбаева
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа даңғылынан бастап, К.Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскеде С.Сейфуллин көшесінің жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты 20 қыркүйек пен 2 қазан аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
LRT-ның екінші кезеңі: Қосшы бағытындағы алғашқы баған дайындалды
3 мамыр, 2026
Астанадағы жәрмеңкеде өңірлерден келген 30-ға жуық кәсіпкер өнімін ұсынды
3 мамыр, 2026
Астанада қала сыртындағы айналма жолдың бір бөлігі жабылады
3 мамыр, 2026
Астанада 440-тан астам студент әскери ант қабылдады