Елордада Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылды

Елордада Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада 23 тамыз күні өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ елорданың бірқатар нысанында іске қосылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Дауыс беру күніне дейін 31 күн қалды. Кері санақ көрсеткіші шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орнатылды.

Таблода нақты уақыт режимінде сайлауға дейін қалған күн саны көрсетіліп, елорда тұрғындары мен қонақтарына алдағы маңызды саяси науқан туралы еске салып тұрады.

Еске сала кетсек, сайлау науқаны қарсаңында анонимді сауалнамалар тарала бастады. Іс жүзінде олардың басым бөлігі қоғамдық пікірді анықтауға емес, оны қалыптастыруға бағытталады.