13.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада «Нұржол» бульвары жөндеу жұмысына байланысты жабылды

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада «Нұржол» бульвары жөндеу жұмысына байланысты жабылды

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Нұржол» бульварының Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі аралығындағы жоғарғы қабатын салу бойынша жұмысты жалғастырады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Осыған байланысты 3 және 4 шілдеде алдымен Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейін, содан кейін Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс кезең-кезеңімен жабылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗