13-15 қараша күндері Астанадағы «Арғымақ» ат спорты кешенінде кедергілерден секіріп өту (конкур) бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Ел біріншілігі Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясы бекіткен ережеге сәйкес жабық манежде ұйымдастырылады.
Жарыс бағдарламасы:
12 қараша
* Командалардың келуі.
13 қараша
* 16:00 – Ветеринариялық инспекция және техникалық жиын.
14 қараша
* 10:00 – Салтанатты ашылу рәсімі;
* 10:30 – №1 маршрут, «А» тобы (130 см);
* 12:00 – №2 маршрут, «В» тобы (120 см).
15 қараша
* 10:00 – №1 маршрут, «А» тобы (140 см);
* 12:00 – №2 маршрут, «В» тобы (130 см);
* 16:00 – Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі.
Чемпионатқа «А» тобында 7 жастан асқан жылқылар мен 16 жастан асқан шабандоздар, ал «В» тобында 6 жастан асқан жылқылар мен 14 жастан асқан шабандоздар қатысады.
Чемпионаттың ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Астана қаласының әкімдігі және Қазақстан Республикасының Ат спорты федерациясы.
Еске сала кетейік, Астанада конкурдан FEI әлем кубогы Еуразия лигасының финалы өтеді.