11 қарашада Астанадағы «Арғымақ» ат спорты кешенінде паралимпиадалық мәнерлеп жүруден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Ел біріншілігіне Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарынан тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар қатысады.
Чемпионат барысында қатысушылар қозғалыс мүмкіндіктеріне қарай бес функционалдық деңгейге (I-V) бөлініп, жекелеген бағдарламалар бойынша ел чемпионы атағын сарапқа салады.
Жарыс бағдарламасына Пара Гран-при, Пара Новис, мәнерлеп жүрудің бастапқы деңгейіндегі сынақтар және еркін бағдарлама бойынша Пара Гран-при фристайл сайыстары енгізілген.
Жарыс бағдарламасы:
10:00 – чемпионаттың салтанатты ашылуы.
10:30-12:00 – Пара Гран-при (В тесті):
* IV және V деңгейлер – 20×60 метрлік манеж
* I, II және III деңгейлер – 20×40 метрлік манеж.
12:30-13:30 – Пара Новис (А тесті):
* IV және V деңгейлер – 20×60 метрлік манеж;
* I, II және III деңгейлер – 20×40 метрлік манеж.
14:00-15:30 – Мәнерлеп жүрудің бастапқы деңгейі (А және В тесттері).
16:00-16:30 – Пара Гран-при фристайл (еркін бағдарлама).
17:00 – Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі.
Аталған чемпионат паралимпиадалық ат спортын дамытуға, спортшылардың шеберлігін арттыруға және олардың республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Өтетін орны: Астана қаласы, «Арғымақ» ат спорты кешені.
Еске сала кетейік, елордалық параспортшы боччадан әлем кубогының күміс жүлдегері атанды.