Header Banner

Астанада қала көшесінде дрифт жасағандар екі жігіт жауапқа тартылды

Астанада қала көшесінде дрифт жасағандар екі жігіт жауапқа тартылды
фото: Оңалхан Өнерхан

Елордадад түнгі уақытта қала көшелерінде көлікпен қауіпті маневрлер жасап, дрифт ұйымдастырған жүргізушілер полиция назарына ілікті, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, сағат 00:30 шамасында Ш.Қалдаяқов көшесінде Chevrolet маркалы көлік дрифт жасаған. Жүргізушілер жол бойында әдейі қауіпті маневр жасауы өздерінің ғана емес, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қатер төндіреді.

Полиция қызметкерлері жедел тексеру жүргізіп, оқиғаға қатысы бар 20 және 22 жастағы екі азаматты анықтады.

Нәтижесінде олардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот қаулысымен құқық бұзған екі азаматтың әрқайсысы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

«Қала көшесі – жарыс алаңы емес! Қоғамдық жолда дрифт жасау, қауіпті маневрге бару және жол қозғалысы ережесін елемеу – азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Әрбір жүргізуші рөлге отырған сәттен бастап өз өмірі үшін ғана емес, айналасындағы адамдардың қауіпсіздігі үшін де жауапты», делінген хабарламада.

Еске салсақ, елордада мас күйде көлік жүргізген жігіт 15 тәулікке қамалды.