Астанада ер адамның шұлығынан есірткі табылды

17 ақпан, 2026
Ернұр Сағымбек Ернұр Сағымбек
Астанада ер адамның шұлығынан есірткі табылды
Фото: istockphoto.com

Елордада синтетикалық есірткі сақтады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру барысында ұсталған күдіктіні тінту кезінде ерекше иісі бар зат табылған. Мамандар оның «мефедрон» екенін анықтады. Бұған қоса, тағы бір есірткі орамасын ер адам шұлықтың ішіне жасырғаны белгілі болды. Барлық айғақ заттар тәркіленді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.