08.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада демалыс күндері жұмыс істейтін жаңа жәрмеңке ашылады

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада демалыс күндері жұмыс істейтін жаңа жәрмеңке ашылады

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Астанада 12-13 шілде күндері демалыс күндері жұмыс істейтін жаңа жәрмеңке алаңы ашылады. Ол Keryen joly сауда орталығының аумағында орналасқан, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Keryen joly жаңа сауда орталығы Алаш тасжолы, 35 мекенжайында орналасқан. Бұл – заманауи сауда нысаны, дамыған инфрақұрылымы, адам көп жүретін аймақта орналасуы, ыңғайлы көлік қатынасы және келушілер үшін барлық қажетті жағдаймен ерекшеленеді. Тоңазытқыш және қоймалық жабдықтармен жарақталуының арқасында бұл алаң фермерлік және азық-түлік өнімдерін орналастыруға өте қолайлы.

Жәрмеңкеде елордалықтар мен қала қонақтарына еліміздің түрлі өңірлерінен келген жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілері мен фермерлік шаруашылықтардың азық-түлік өнімдерінің кең ассортименті ұсынылады. Қонақтар жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, ет және ет өнімдерін, сүт өнімдерін, нан-тоқаш бұйымдарын, бал, тосап, табиғи шырындар мен басқа да тауарларды қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Сонымен қатар дәл осы күндері – 12 және 13 шілдеде демалыс күнгі жәрмеңкелер қала тұрғындарына бұрыннан таныс мына алаңдарда да жұмыс істейді:

• «Көктал» сауда-ойын-сауық орталығының аумағында (Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а);

• Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайында (Рио-де-Жанейро тұрғын үй кешенінің қарсы бетінде).

Айта кетейік, барлық жәрмеңкелік алаң сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗