Астанада білім саласына үлес қосып жүрген педагогтер марапатталды
2 қазан, 2025
Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Астанада Білім басқармасының ұйымдастыруымен QAZAQSTAN орталық концерт залында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты мерекелік концерт өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Іс-шараға елорданың 3 мыңға жуық педагогі және еліміздің барлық өңірінен үлгілі ұстаздар келіп қатысты. Сонымен қатар мерекелік кешке Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, білім саласының ардагерлері мен мамандары құрметті қонақ ретінде шақырылды.

Салтанатты кеш аясында министр өмірлік маңызды миссия арқалаған барша ұстаздарды мерекемен құттықтап, саланы дамытуға зор үлес қосқан педагогтерді «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» және «ҚР Еңбек сіңірген ұстазы» медальдерімен марапаттады. Кеш барысында бала бойына білім мен тәрбиенің дәнін егетін ұстаздар қауымына ерекше құрмет көрсетілді.
«Ұстаз болу – бұл жай ғана мамандық емес, бұл ұрпаққа білім мен тәрбие беретін қасиетті жол, даналық пен мейірімнің үлгісі. Бүгін біз сіздерге тағы бір рет алғыс айтуға тағы бір мүмкіндік туып тұр. Мемлекет басшысы «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» деп ерекше атап өтті.Мемлекеттің басым мақсаттарының бірі – өскелең ұрпаққа сапалы білім беруге жағдай жасау. Қазіргі таңда елордада 200-ден астам мектеп бар. Онда 300 мыңнан астам оқушы білім алуда. Оларға 30 мыңға жуық мұғалім сабақ береді. Жаңа оқу жылында 628 жас маман қатарға қосылды. Соңғы 2 жылда «Келешек мектептері» жобасы шеңберінде 23 жаңа мектеп салынды. Балалардың сапалы әрі мазмұнды бос уақытын ұйымдастыру мақсатында 2 жаңа Оқушылар сарайы пайдалануға берілді, тағы 3 нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Соның бірі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Біз балалардың сапалы білім алуына, ұстаздардың жайлылығы мен дамуына қолайлы жағдай жасауды жалғастыра береміз. Мереке қарсаңында барша Ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!» – деді қала әкімінің орынбасары Есет Байкен.

Ол елорданың білім беру саласына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар педагогтер мен үздік білім ордаларына арнайы марапаттар табыстады.
Атап айтқанда, «Құрметті педагог» марапаты Ж.Аймауытов атындағы №24 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дана Жаңабекке, №9 «Зерде» мамандандырылған лицейі география пәнінің мұғалімі Гүлшат Ермағанбетоваға, №2 арнайы мектебі еңбек пәнінің мұғалімі Зумрет Самратоваға берілді.

Сонымен қатар «Үздік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы» арнайы сертификатына Астана қаласы әкімдігінің Жоғары көлік және коммуникация колледжі ие болды. «Үздік білім беретін орта мектеп» марапаты Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп лицейіне табыс етілді.
Мерекелік жиын соңы елімізге танымал эстрада жұлдыздарының және өнерлі ұстаздардың қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 18:04
Елордада 2 автобустың қозғалыс сызбасы ұзартылады
Бүгін, 17:55
Қазақстан мен Бавария Орта дәлізді дамыту мәселесін талқылады
Бүгін, 17:43
Астана құтқарушылары өрт жолағында психологиялық дайындықтан өтті
Бүгін, 17:31
Түркия университетінде Абай орталығы ашылды
Бүгін, 17:19
Астанаға алты айда 830 мыңға жуық турист келді
Бүгін, 17:05
«Тұмар» және «Үркер» мерейтойлық ұлттық сыйлықтарына өтінім қабылдау басталды
Бүгін, 16:52
Астанада аға буын өкілдері би фестивалінде өнер көрсетті
Бүгін, 16:45
Қазақстан мен Жапония жасыл жобаларды қаржыландыруды талқылады
Бүгін, 16:29
Жапониядағы жазғы Азия ойындарында Қазақстан туы көтерілді
Бүгін, 16:17
Елімізде спорт жабдықтарына қойылатын бірыңғай талаптар белгіленді
Бүгін, 16:04
Астана World Cleanup Day халықаралық тазалық акциясына қосылады
Бүгін, 15:51
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының президентіне алғыс айтты
Бүгін, 15:38
Қыркүйекте қанша адам ЖРВИ-мен ауырғаны белгілі болды
Бүгін, 15:25
Елордада 42 мыңдай шетелдік тіркеусіз тұрғаны үшін жауапкершілікке тартылды
Бүгін, 15:09
Мұнай-газ өндірісі: отандық сервистік компанияларға талап күшейді
Бүгін, 14:54
Барлық өңірде «Дала дәмі» ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді
Бүгін, 14:45
Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарының финалына жолдама алды
Бүгін, 14:30
Қазақстан World Cleanup Day акциясына қосылады
Бүгін, 14:18
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Бүгін, 14:16
«Менің жазғы каникулым» жобасы аясында 12,6 мың оқушы мен студент жұмысқа орналасты
Бүгін, 13:54
Ішкі істер министрлігі ұшқышсыз ұшу аппараттарын дамытып жатыр
Бүгін, 13:38
Пияз, картоп, сәбіз: Елімізде бірқатар азық-түлік арзандады
Бүгін, 13:22
Астанада Әнет баба көшесіндегі қиылыс екі аптаға жабылады
Бүгін, 13:03
Жайыққа батқан баланы құтқарған атыраулық имам марапатталды
Бүгін, 12:44
Астанада бірқатар автобус «Қазанат» ипподромына дейін қатынайды
Бүгін, 12:25
Елімізде ЖИ-ді дамыту жағдайында кадр даярлау жүйесінің жаңа моделі қалыптасып келеді
Бүгін, 12:06
Астанада халықаралық туристік форумы басталды
Бүгін, 11:57
Елордада кәсіпорын қызметкерлері индустриялық парк аумағында 65 ағаш отырғызды
Бүгін, 11:38
Қаржы пирамидасының қарағандылық бөлімшесінен 212 млн теңгенің криптовалютасы тәркіленді
Бүгін, 11:19
Волейболдан Қазақстан құрамасы Азия ойындарының ширек финалына шықты
Бүгін, 11:01
Қазақстандық дәрігерлер Бішкекте бірнеше күрделі операция жасады
Бүгін, 10:43
Астанада ата-аналарға арналған кітап бұрышы ашылды
Бүгін, 10:25
Заң мен тәртіп: ҮЕҰ арасында республикалық байқау басталды
Бүгін, 10:07
Президент Конституциялық Сот, Орталық сайлау комиссиясы және Жоғары аудиторлық палата төрағаларын қайта тағайындады
Бүгін, 10:03
Жазғы Азия ойындарына қай өңірдің спортшылары көп барады
Бүгін, 09:45
Сенбі Астанада қазақы тазы көрмесі өтеді
Бүгін, 09:29
Астаналық 70-тен астам спортшы жазғы Азия ойындарына қатысады
Бүгін, 09:16
Тұмаудан қалай сақтану керек – маман кеңесі
Бүгін, 09:03
Астананы су тасқынынан қорғау: қорғаныс бөгеті реконструкцияланып жатыр
Бүгін, 08:47
Қазақстанның инвестициялық моделі қалай өзгеріп жатыр
Бүгін, 08:38
Қазақстан Италияға экспортты 307,5 млн долларға ұлғайтуды көздейді
Бүгін, 08:03
Францияда Қазақстан киносы күндері басталды
Бүгін, 07:01
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
17 қыркүйек, 2026
Астанада өрт сөндіру-құтқару спортының үздіктері анықталды
17 қыркүйек, 2026
«Даму» бағдарламасы бойынша несие алып беремін деп алдаған алаяқ сотталды
17 қыркүйек, 2026
Қазақ ұлттық спорт университеті ХОК-тың олимпиадалық зерттеу орталықтары желісіне қосылды
17 қыркүйек, 2026
Астана кітапханасында жасөспірімдерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі түсіндірілді
17 қыркүйек, 2026
Астана жаһандық қаржы орталықтары рейтингінде сегіз орынға көтерілді
17 қыркүйек, 2026
Астаналық тоғызқұмалақшылар ел чемпионатында топ жарды
17 қыркүйек, 2026
Денсаулық сақтау министрлігі пациенттерге қатысты жаңа цифрлық сервисті іске қосты
Бүгін, 18:04
Елордада 2 автобустың қозғалыс сызбасы ұзартылады
Бүгін, 17:55
Қазақстан мен Бавария Орта дәлізді дамыту мәселесін талқылады
Бүгін, 17:43
Астана құтқарушылары өрт жолағында психологиялық дайындықтан өтті
Бүгін, 17:31
Түркия университетінде Абай орталығы ашылды
Бүгін, 17:19
Астанаға алты айда 830 мыңға жуық турист келді
Бүгін, 17:05
«Тұмар» және «Үркер» мерейтойлық ұлттық сыйлықтарына өтінім қабылдау басталды
Бүгін, 16:52
Астанада аға буын өкілдері би фестивалінде өнер көрсетті
Бүгін, 16:45
Қазақстан мен Жапония жасыл жобаларды қаржыландыруды талқылады
Бүгін, 16:29
Жапониядағы жазғы Азия ойындарында Қазақстан туы көтерілді
Бүгін, 16:17
Елімізде спорт жабдықтарына қойылатын бірыңғай талаптар белгіленді