Астанада Арқар көпірі жартылай жабылады

11 тамыз, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада Арқар көпірі жартылай жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Арқар көпірі (М1) бойынша деформациялық тігісті жөндеу бойынша жұмыстар жүргізеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Осыған байланысты, 11-17 тамыз аралығында автокөлік құралдарының қозғалысы ішінара шектелетін болады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, астаналық полицей автобуста кәмпитке қақалған сәбидің өмірін құтқарды.