Астанада 8 наурыз күні Open Air концерті өтеді

Астанада 8 наурыз күні Open Air концерті өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 8 наурыз күні сағат 18:00-де «EXPO» аумағында Open Air форматындағы live-концерт өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының елордалық филиалының хабарлауынша, концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары Әлішер Кәрімов, Қайрат Баекенов, Zaman тобы, Ернар Амандық, Bayansulu, Жошы тобы, Мәди Қадыров өнер көрсетеді.

Іс-шара қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік атмосфера қалыптастыруға бағытталған.