Референдум-2026

Астана тұрғыны өзгенің телефонынан ірі көлемде несие рәсімдеген

Бүгін, 16:28
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астана тұрғыны өзгенің телефонынан ірі көлемде несие рәсімдеген
Фото: magnific.com

Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру дерегін ашып, қылмысқа қатысы бар 23 жастағы елорда тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Тергеу барысында күдікті жәбірленушінің телефонынан, оның келісімінсіз мобильді қосымшасына кіргені анықталды. Кейін жәбірленушінің жеке деректерін пайдаланып, оның атына 1 млн 400 мың теңге көлемінде тауарлық несие рәсімдеген.

Күдікті рәсімделген несие қаражатын өз мүддесіне жаратып, жәбірленушіге ірі көлемде материалдық шығын келтірген.

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция азаматтарды ұялы телефондарын бөгде адамдарға бермеуге, мобильді банкинг қосымшаларына биометриялық қорғаныс пен күрделі құпиясөз орнатуға шақырады. Қаржылық қосымшаларға заңсыз қол жеткізу салдарынан азаматтар қомақты материалдық шығынға ұшырауы мүмкін.