Астана қаласының прокуратурасы маңызды ескерту жасады

Бүгін, 15:35
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астана қаласының прокуратурасы маңызды ескерту жасады
Фото: Оңалхан Өнерхан

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы ескертеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Мереке күндері алаяқтар белсенді әрекет етіп, гүл жеткізу қызметінің жалған сайттары мен парақшаларын ашып, түрлі акциялар мен жеңілдіктер ұсынады.

Азаматтарды сақ болуға, тек сенімді дүкендерді таңдауға, жеке деректерін, банк картасының мәліметтерін бөгде адамдарға бермеуге шақырамыз.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз, - делінген Астана қаласы прокуратурасының хабарламасында.

Еске салсақ, полиция Free Fire ойыны арқылы жасалған алаяқтықты әшкерелеген болатын.