Stadler пойыздарында әйелдерге арналған вагон қызметі жалғасады

Бүгін, 21:02
Думан Аманжол Думан Аманжол
Stadler пойыздарында әйелдерге арналған вагон қызметі жалғасады
Фото: ҚТЖ

№153/154 «Нұрлы жол – Семей» бағыты бойынша қатынайтын жаңа Stadler пойыздарында әйелдер вагоны қызметі сақталады, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа пойыздың елордадан Семей қаласына алғашқы сапары 13 қарашаға жоспарланған.

«Әйелдерге арналған вагон жолаушылардың сапар кезіндегі жайлылығы арттыруға бағытталған. Бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады және жолаушыларға тек әйел жолсеріктер қызмет көрсетеді», - делінген хабарламада.

​

Сонымен қатар, әйелдер вагонында жеті жасқа дейінгі ұл балалардың жүруіне рұқсат етіледі.

Әйелдер вагонындағы билет бағасы осы санаттағы басқа вагондардың билет құнымен бірдей. Билеттерді ресми сайттан немесе теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады. Онлайн билет сатып алу кезінде әйелдер вагоны «ЖН» белгісімен көрсетіледі.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін байланыс нөмірі арқылы алуға болады.

Еске салсақ, Астанада жасалған Stadler вагондарына билеттер сатыла бастады.