Әлемдегі әрбір жиырма бесінші шам Қазақстан уранынан қуат алады - деректі фильм
«АЭС: Инвестиция энергиясы» деректі фильмінде ірі жобаны жүзеге асырудың кезеңдері мен маңызы туралы баяндалады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Atameken Business арнасына сілтеме жасап.
Әлемдегі әрбір жиырма бесінші шам Қазақстан уранынан қуат алады. Уран өндірісі бойынша жаһанда көш бастап тұрған ел тарихи олқылықтың орнын толтыру үшін атом станцияларын салу жөнінде шешім қабылдады. Өйткені 2050 жылға қарай әлем елдері электр қуатын қазіргіден екі есе көп тұтынатын болады. Ал дата-орталықтар металлургия комбинаттары секілді көп мөлшерде энергия тұтынады
Деректі фильмде елдегі алғашқы атом электр стансасын салатын алаңды анықтау барысы, оның ядролық реакторын қай елдің компаниясы әзірлейтіні, бірінші кезеңде вендорлардың шорт-тізіміне қандай компаниялар енгені айтылады. Сондай-ақ алғашқы АЭС құрылысына қанша ақша жұмсалатыны, оның құрылысына қанша адам тартылатыны, алғашқы атом электр стансасының құрылысы қашан аяқталатынына шолу жасалады.
Сондай-ақ. Еуропаның біраз елі кезіндегі азаматтық атом энергетикасынан біртіндеп бас тарту саясатын қайта қарағаны, АЭС-тен ауаға қандай шығарындылар тарайтыны, Қазақстанның уран қоры қанша деген сұрақтарға жауап беріледі.