Абай облысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша 38 жоба жүзеге асырылып жатыр

Бүгін, 11:52
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Абай облысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша 38 жоба жүзеге асырылып жатыр
Фото: Үкімет

Абай облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы – 14,5 млрд теңгеге 32 жоба орындалуда. Сонымен қатар «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 15,8 млрд теңгеге 6 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы Үкімет отырысында Абай облысының әкімі Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өңірде орталықтандырылған жылумен 3 қала, 5 аудан қамтылғаны атап өтілді. Қазіргі таңда жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Аталған жобаларды жүзеге асыруға Үкімет резервінен – 2,5 млрд теңге және республикалық бюджеттен – 6,6 млрд теңге  бөлінді. Облыстық бюджеттен – 5,4 млрд теңге қаражат қарастырылды. 

Алдағы жылыту маусымына білім беру нысандары – 100%, денсаулық сақтау нысандары – 97%, тұрғын үйлер – 98%, әлеуметтік қорғау нысандары – 100% дайын.

Еске салайық, бұған дейін Бектенов энергия нысандарын жөндеу мерзімін ауыстыруға жол берілмейтінін айтты.