07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды

|
Photo: фото: instagram.com/zhankoshturarov/
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды

|
Photo: фото: instagram.com/zhankoshturarov/

Бұл туралы Әнару Құрманәлінің адвокаты Ләззат Ахатова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Адвокаттың жазуынша, олар алдыңғы істің қысқартылғаны туралы заңсыз шығарылған қаулыны жарты ай уақыт өтсе де әлі алмаған. Келесі апта тергеу қайта басталады.

«Бас Прокуратураға жазылған шағымның, әлеу.желідегі, БАҚ-ғы жариялылықтың нәтижесі шығар. Соңғы кезде әріптестерімнен, халықтан Бас Прокуратура қызметкерлерінің жақсы жұмыс істеп, көптеген қылмыс пен заңбұзушылықтарды ашуға септігін тигізіп жатқандарын естимін. Бұл да болса, көңілге жағатын, үзілген үмітті жалғайтын, әділетті Қазақстанға сенім оятататын жағымды нәрсе ғой. Тек жаман жағын айта бермей, жақсы жағын да айтайық.

Сонда да қайтадан «крышаларын», депутат ағаларын қосып, қылмысын жабуға тағы күш сала ма деген күдік жоқ емес. Біздің елдің органдарын, заңының қалай жұмыс істейтінін білгесін, «жаман айтпай, жақсы жоқ» дегендей, ондай күдіктің болуы да заңдылық. Не жағдай болса да, барлығы ашылып, жасырмай, айтылды»,- деп жазды Ләззат Ахатова.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗