Референдум-2026

Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі - еліміз үшін маңызды оқиға - Марат Мұстафин

Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі - еліміз үшін маңызды оқиға - Марат Мұстафин
Фото: Марат Мұстафиннің жеке мұрағатынан

Астана қаласы Алматы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Мұстафин жұртшылықты жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz

«Бүкілхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған жаңа Конституциямыз күшіне енді. Сөйтіп, Қазақстан тарихтың жаңа парағын ашып, дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ел жылнамасындағы кезекті бір маңызды меже аяқталып, жаңа дәуірдің табалдырығын аттайық деп отырмыз. Бұл - Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түскенімізді атап өтті.

Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі - бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға.

Баршаңызды Жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймын!», делінген хабарламада.