Жамбылдық жолдағы «Сергек» камерасын мылтықпен атқан
19 қаңтар, 2026
фото: Оңалхан Өнерхан
Жамбыл облысының тұрғыны «Сергек» камерасын жойғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылы желтоқсан айында ер адам «Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ» тас жолында пневматикалық мылтықтан оқ атып, «Сергек» камерасына зақым келтірген.
Бөтеннің мүлкін қасақана жоюға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі Байзақ аудандық соты қарады.
Онда айыпталушы материалдық шығынды ішінара өтегенін мәлімдеген.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 147-бабы 1-бөлігіне сәйкес сот қаулысымен құқық бұзушыға 196 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті тіркелді
1 тамыз, 2026
Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының жұмысына қатысты мәлімдеме жасады
30 шілде, 2026
Астанадағы жол апатынан көлік аударылып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді - ВИДЕО
29 шілде, 2026
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді