Жалпыұлттық коалиция өкілдері Астанадағы вагон депосының ұжымымен кездесті

Жалпыұлттық коалиция өкілдері Астанадағы вагон депосының ұжымымен кездесті
Фото: Жалпыұлттық коалиция

Жалпыұлттық коалиция өкілдері елордадағы «Астана эксплуатациялық вагон депосы» кәсіпорнының ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Іс-шараға көлік инфрақұрылымы саласының 100-ге жуық қызметкері қатысты.

Астана қаласы мәслихатының депутаты Салтанат Женалаева Конституциялық реформаның әлеуметтік сала үшін маңызын атап өтті.

«Жаңа Конституция жобасында адам денсаулығы мен әлеуметтік кепілдіктерге ерекше мән берілген. Бұл– медициналық қызмет сапасын арттырумен қатар, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам», – деді Салтанат Женалаева.

Қоғам белсендісі Юсуп Келигов жаңа Ата заң жобасының қоғамдағы бірлік пен жауапкершілікті нығайтудағы рөліне тоқталды.

«Конституциялық өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді арттыруға бағытталған. Әрбір азамат ел болашағына жауапкершілікпен қарап, қоғамдық процестерге белсенді қатысуы маңызды», – деді Юсуп Келигов.

Ал Астана қаласы мәслихатының депутаты Мейрамгүл Қабдығалиева экономикалық және еңбек қатынастары мәселелеріне тоқталды.

«Жаңа Конституция жобасы кәсіпкерлікті дамытуға, еңбек құқықтарын қорғауға және экономиканың тұрақты дамуына құқықтық негіз қалыптастырады», – деді Мейрамгүл Қабдығалиева.

Жиын барысында Конституциялық реформаның еңбек адамының құқықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді нығайту және стратегиялық инфрақұрылым салаларын дамытуға бағытталған маңызды тұстары айтылды. Қатысушылар жаңа Ата заң жобасына қатысты өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойды.

«Астана эксплуатациялық вагон депосы» вагон паркінің қауіпсіздігі мен жарамдылығын қамтамасыз етеді. Кәсіпорында 5 жүзден астам адам еңбек етеді.

Еске сала кетсек, Астана әуежайы қызметкерлері жаңа конституциялық реформаны қолдады.