Жалғас Қайролла — Qazaqstan Barysy Grand Slam чемпионы
Qazaqstan Baryrs Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Отандасымыз Жалғас Қайролла финалда қарсыласын жеңіп, турнир чемпионы атанды. Осылайша, қазақ дзюдошысы ел мерейін үстем етіп, жанкүйерлерге зор қуаныш сыйлады.
«Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті.
Жалғас Қайролла - дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің чемпионы», делінген хабарламада.
Айта кетейік, Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі дзюдо әлеміндегі ең беделді жарыстардың бірі болып есептеледі.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турниріне барған еді.