Қазақстан ерлер хоккей құрамасы Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан IA дивизионындағы әлем чемпионатында кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.
Төртінші матчта ұлттық құрама Украина хоккейшілерімен кездесті.
Кездесудің негізгі уақыты 4:4 есебімен тең аяқталды. Буллиттер сериясында қазақстандық хоккейшілер мергендік танытып, жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы төрт матчтың төртеуінде де жеңіске жетіп отыр. Әлем чемпионатының аяқталуына бір тур қалғанда ұлттық құрама мерзімінен бұрын элиталық дивизионға жолдама алды.
Бүгін хоккейшілеріміз турнирдегі соңғы ойынын Франция құрамасына қарсы өткізеді.