Халықаралық есірткі арнасының жолын кесу операциясын Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Өзбекстанның арнайы қызметтерімен бірлесіп жүргізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осылайша, Ауғанстаннан «Солтүстік бағдар» деп аталатын бағыт арқылы контрабандалық жолмен тасымалдау арнасының ірі көлемдегі есірткісі жойылды.
«Операция нәтижесінде Ресей Федерациясының Түмен қаласында халықаралық есірткі тобының екі мүшесі ұсталды.
Тінту барысында олардан қара нарықтағы құны шамамен 300 мың АҚШ долларын құрауы мүмкін 30 кг ауған гашиші тәркіленді», делінген хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, аталған факті бойынша Ресейдің құзыретті органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Еске салсақ, елордада екі адам есірткі контрабандасы үшін сотталды.