Референдум-2026

Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясының бас хатшысына көңіл айтты

21 қараша, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясының бас хатшысына көңіл айтты
akorda.kz

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға көңіл айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Вьетнамның орталық аймақтарында болған су тасқыны салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған.

Президент табиғи апаттан қайтыс болған адамдардың туыстарына сабыр, ал жарақат алған жандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.