Тоқаев Корея Президентін туған күнімен құттықтады

Бүгін, 11:49
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Тоқаев Корея Президентін туған күнімен құттықтады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент жеделхатта Корея Республикасы Қазақстанның Азиядағы сенімді серіктесі екенін атап өтіп, екі ел арасындағы зор әлеуетке ие ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше мән беретінін жеткізген.

Сонымен қатар Корея Президентімен бірге күш-жігер жұмылдыра отырып, кеңейтілген стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге әзірлігін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің аса жауапты қызметіне толағай табыс, Корея халқына құт-береке тіледі.

Бұған дейін Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысқанын жазған болатынбыз.