Референдум-2026

Tarlan Astana пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілді - CTS компаниясы

Tarlan Astana пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілді - CTS компаниясы
Фото: Оңалхан Өнерхан

Tarlan Astana пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілді. Жүйе штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Elordainfo.kz City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 13:28-де «Сығанақ» пен «Бәйтерек» стансаларының аралығында кабельдің жануы орын алды. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Өрт жедел түрде сөндірілді. Инфрақұрылымның жай-күйі тексеріліп, қауіпсіздігі расталғаннан кейін пойыз қозғалысы толық көлемде қайта жанданды», делінген хабарламада.

Компанияның мәлімдеуінше, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. 

Еске салсақ, бұған дейін ТЖМ жерүсті рельсті көлігінің жолындағы электр кабельдері жанғанын хабарлады.