Төрешілер шешімі қайта қаралды: Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
13 желтоқсан, 2024
Фото: Спортты дамыту дирекциясынан
Таиландта өткен Азия чемпионатында 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық жекпе-жек нәтижесіне қайта қарау жүргізіліп, Абылайхан Жүсіповтың жеңісі әділ түрде мойындалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мұның себебі – өзбекстандық спортшы Хавасбек Асадуллаевтың ереже бұзуы. Ол жекпе-жек барысында қарсыласын тістегені анықталды. Осыған байланысты ішкі техникалық ережелерге сәйкес, Хавасбек Асадуллаев жарыстан толықтай шеттетіліп, оның медалі мен сыйақысы қайтарылды. Ал Абылайхан Жүсіпов әділ шешімнің нәтижесінде өз салмағында Азия чемпионы атанды», - делінген хабарламада.
Осылайша, құрлықтық чемпионаттың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынына 10 алтын медаль түсті.
Ұқсас жаңалықтар
21 желтоқсан, 2025
Мәскеуден келген жас спортшылар «Барыстың» ойынын тамашалады
21 желтоқсан, 2025
Елордада еліміздің үздік көркем гимнасшылары шеберлік көрсетті
21 желтоқсан, 2025
Астанада Мәскеу күндері аясында дзюдодан жолдастық кездесу өтті
20 желтоқсан, 2025
Елордада «Хан Шатыр» сауда орталығында көркем гимнастикадан ашық фестиваль өтті