Референдум-2026

Семейлік гаражын есірткі қоймасына айналдырған

Семейлік гаражын есірткі қоймасына айналдырған
Фото: polisia.kz

Семей қаласында оңтүстік өңірлерден жеткізілген каннабис тобына жататын есірткінің арнасы жойылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тінту барысында 35 жастағы жергілікті тұрғынның гаражынан жалпы салмағы 154 келі аса ірі көлемдегі марихуана тәркіленді. Есірткі Абай облысы аумағында тарату мақсатында целлофанға оралған.

«Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша барлық күдіктіні анықтау және ұстау үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.

Еске сала кетсек, биыл есірткі қылмысына қатысы бар 76 шетелдік ұсталды.