Семейде зейнеткер полиция қызметкерлерінің көлігін өртеп жіберді
26 қаңтар, 2026
Фото: Оңалхан Өнерхан
Абай облысы Полиция департаменті оқиғаны растады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Департаменттің баспасөз қызметі мәлімдеуінше, оқиға 25 қаңтарда сағат 18:10-да болған.
«Бұрын сотталған 66 жастағы жергілікті тұрғын мас күйінде учаскелік полиция пункті жанында заңсыз әрекет жасап, полиция қызметкерлеріне тиесілі Chevrolet Cobalt және Changan екі көлігін өртеп жіберді», делінген хабарламада.
Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске салсақ, полиция Шымкентте шаруашылықтың жұмысшылары малды өздері ұрлағанын анықтады..
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті тіркелді
1 тамыз, 2026
Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының жұмысына қатысты мәлімдеме жасады
30 шілде, 2026
Астанадағы жол апатынан көлік аударылып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді - ВИДЕО
29 шілде, 2026
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді