Сарыарқа ауданындағы 6 аулада күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды
11 қыркүйек, 2024
Фото: О.Сүлейменов
2024 жылдың құрылыс маусымының соңғы кезеңі аясында Сарыарқа ауданы абаттандыру жұмыстарын белсенді жалғастыруда, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осы айда 6 аулада күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Олар: Г.Потанин көшесі, 18, Конституция көшесі, 14/1, І.Есенберлин көшесі, 19, Республика даңғылы, 29, Сарыарқа даңғылы, 41 және Сарыарқа даңғылы, 43 мекенжайларында орналасқан.
«Бұл аумақтарды абаттандыру жұмыстарына тас төсемін жаңарту, жаңа ойын және спорт алаңдарын, сондай-ақ демалыс орындарын жайластыру кіреді. Атқарылған жұмыстар тұрғындардың жайлылығын арттырып қана қоймай, ауданның жалпы көркін жақсарта түсетініне сенімдіміз», - дейді аудан әкімі Бауыржан Ералы.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 16:19
Астанада Әкелер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
Бүгін, 15:45
Елордада Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінің ашылғанына бір жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті
Бүгін, 13:01
Астанада этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне профилактикалық дәріс ұйымдастырылды
Бүгін, 12:51
Астанада «QYMYZ FEST – Қымызмұрындық 2026» этнофестивалі өтті