Саакашвили бюджет қаражатын ысырап ету ісі бойынша 9 жылға сотталды
12 наурыз, 2025
Фото: «Осторожно, новости» телеграмм-каналы
Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили бюджет қаражатын ысырап ету ісі бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz «Осторожно, новости» телеграмм-каналына сілтеме жасап.
Саясаткер 9 миллион лари (шамамен 3,2 миллион доллар) ысырап етті деп танылды. Бұл іс «пиджактар ісі» ретінде белгілі. 2014 жылдан бері айыптау тарабы Саакашвили президент болған кезде мемлекеттік қаражатқа пиджактар, пальто сатып алып, ұлының оқуын төлеп, косметикалық процедуралар жасағанын мәлімдеген.
Саакашвили қазір депутат Валери Гелашвилиді ұрып-соғу және Сандро Гиргвлианиді өлтірушілерге рақымшылық ету істері бойынша алты жылдық мерзімін өтеп жатыр. Ол 2021 жылдың күзінде Украинадан Грузияға оралған кезде қамауға алынған.
Ұқсас жаңалықтар
26 сәуір, 2026
Қазақстан бітімгерлері Сирияда гуманитарлық акция өткізді
17 сәуір, 2026
Қазақстан спутниктен алынған деректерді экспортқа шығарып жатыр ма
15 сәуір, 2026
Ғарыш саласы еліміздің экономикасына қандай пайдасын тигізуі мүмкін
13 сәуір, 2026
Жаһандық мәселе: орбитадағы қалдықтарды кім тазалайды