Астанада Абылай хан даңғылындағы автобус жолағының қолданылу тәртібі өзгереді

Бүгін, 17:53
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада Абылай хан даңғылындағы автобус жолағының қолданылу тәртібі өзгереді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада 7 қарашадан бастап Абылай хан даңғылының А.Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі аралығында автобус жолағының қолданылу тәртібі өзгереді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 7.5.2 «Жұмыс күндері» қосымша ақпарат белгісі алынып тасталады. Осыған байланысты автобус жолағы демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, аптаның барлық күнінде қолданылады.

Бұл ретте оның уақыттық режимі өзгеріссіз қалады. Автобус жолағы сағат 06:30-дан 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

«Жүргізушілер жол белгілерінің талаптарын және жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауы қажет. Автобус жолағына қатысты талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Тіркелген құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салынады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Астанада Хусейн бен Талал және Әл-Фараби көшелерінің қиылысы жабылады.