Референдум-2026

Құрылыстағы мұнаралы крандарға бейнебақылау жүйесі енгізілді

Құрылыстағы мұнаралы крандарға бейнебақылау жүйесі енгізілді
Фото: ТЖМ

Құрылыс нысандарында мұнаралы крандарға бейнебақылау жүйесі енгізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz  Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Алғашқы бейнебақылау құрылғысы Алматы қаласындағы мұнаралы крандар орнатылды. Қалалық ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының бастамасымен жүзеге асырылған бұл шара еңбек қауіпсіздігін нығайту және өндірістік қатерлерді сейілтуге бағытталған.

Айналмалы камералар жұмыс аумағын, оның ішінде көз жетпейтін тұстарды толық қамтып, кран машинисының жүк тиеу-түсіру операцияларын нақты уақыт режимінде қауіпсіз басқаруына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ анемометр көрсеткіштерін қашықтан бақылау жүйесі орнатылды. Бұл технология персоналдың кран басына көтерілу қажеттілігін жойып, техникалық тексеру жұмысын жеңілдетеді. Бейнежазбаларға жауапты қызметкерлерге қолайсыз ауа райында жедел шешім қабылдау тетігі іске қосылды.

Аталған инновация мұнаралы крандарды пайдалану барысындағы қауіпсіздік деңгейін арттырып, өндірістік тәуекелдерді төмендетуге зор ықпал етеді.